Іскерлік байланыс орнату және іздеуге арналған LinkedIn әлеуметтік желісі Қазақстанда қайта қосылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі LinkedIn.com интернет-ресурсының бұғатталуына байланысты туындаған жағдай бойынша LinkedIn компаниясының ресми өкілдерімен келіссөздер жүргізген.
"LinkedIn сайтының әкімшілігі өз сайттарында жарияланған материалдарда Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу дерегі анықталғандығы туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жолдаған хабарламаны қарастырып, Қазақстан тарапының талаптарын негізді деп танып, интернет-ресурстан заңсыз контентті алып тастады.
Осыған байланысты, қазақстандық пайдаланушылар үшін АҚДМ-мен LinkedIn.com интернет-ресурсына қолжетімділікті қалпына келтіру бойынша тиісті шаралар қабылданды", - делінген хабарламада.