Алматы қаласында №405 авиажөндеу зауытында» Төтенше жағдайлар министрлігіне арнап жасалған Ми-8АМТ тікұшағының бірінші партиясы салтанатты түрде тапсырылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тікұшақтарды құрастыру жөніндегі осы жоба Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Ресей Федерациясының Президенті В. В. Путиннің мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша 2015 жылы берген тапсырмасына сәйкес іске асырылды.
Іс-шараға «Вертолеты России» АҚ және Қазақстанның мемлекеттік органдарының басшылығы қатысты.
Ми-8АМТ - көп мақсатты тікұшақ, екі қозғалтқышты тікұшақ. Көптеген азаматтық және әскери тапсырмаларды орындау үшін 50-ден астам елде кеңінен қолданылады.