Синоптиктер Қазақстанда 1-3 тамыз күндері болатын ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
«Таяу күндерде республикадағы ауа райы орталығы Екатеринбургке тура келетін циклон ықпал етеді. Соған байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауады, солтүстік және батыс өңірлерде ол күшеюі мүмкін. Күндізгі ауа температурасы төмендеп, 15…25°С айналасында болады», - делінген хабарламада.
Синоптиктердің айтуынша, кей жерлерде дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың оңтүстігінде жауын-шашынсыз ыстық ауа райы өзгермейді. Бұл өңірлерде ауа температурасы 32…40°С айналасында болады.