11 қаз, 2021 сағат 13:02

Қазақстанда алдағы күндері күн жылынады


Қазгидромет 12-14 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. 12 қазанда таулы аудандарда қатты жауын-шашын болады. Сондай-ақ, республика бойынша түнде және таңертең тұман, солтүстікте — көктайғақ, батыста және оңтүстікте шаңды дауыл болжанады. Батыста және солтүстік-батыста күндізгі температура 20 градусқа дейін жоғарлайды, солтүстікте, шығыста және орталықта 15 градусқа дейін, оңтүстік аймақтарда 20 градусқа дейін жылы ауа райы болжанады», - делінген хабарламада.