03 ақп, 2021 сағат 15:55

Қазақстанда коронавирустың «британдық» штаммы анықталған жоқ – Ерлан Қиясов

Қазақстанда коронавирустың «британдық» штаммы анықталған жоқ. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Біз штамдарды анықтау жұмыстарын тұрақты негізде жүргізіп отырмыз. Күні кеше ғана нәтижелерді нақтылау жүргізілді. Қазіргі уақытта оларға сараптама жасалып жатыр. Қазақстан аумағында анықтау жұмыстары жүргізілген генотиптердің арасында «британдық» және «оңтүстікафрикалық» штамм анықталған жоқ», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.