25 қаң, 2021 сағат 17:35

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинациялау үш кезеңде жүргізіледі

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинациялау шаралары үш кезеңде жүргізіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

1 ақпанда басталатын бірінші кезеңде инфекциялық аурухана, жедел медициналық жәрдем, реанимация және қабылдау бөлмелері, санэпидқызметтің медицина қызметкерлері вакцинациялана алады. 

1 наурызда басталатын екінші кезеңде жалпы білім беретін мектептердің, ЖОО-дың, педагогтер, медициналық қызмет қызметкерлері.

1 сәуірден бастап үшінші кезеңде: мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің педагогтары, студенттер және созылмалы аурулары бар адамдар егу салдырады.

Иммундау алдында:

- егу салдыратын адамға профилактикалық егу, ықтимал реакциялар мен кері әсері, сондай-ақ егуден бас тарту салдары туралы толық ақпарат беріледі;

- ерікті түрде ақпараттандырылған келісім немесе бас тарту қағазы ресімделеді (ҚР ДСМ 13.06.2018 ж. № 361 бұйрығымен бекітілген «Халыққа профилактикалық егулерді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» БК 1-қосымшасына сәйкес).

- әдістемелік ұсынымдарға 2-қосымшаға сәйкес егілгендерге сауалнама жүргізіледі.

Әйелдерге вакцина салмас бұрын жүкті емес пе, бала емізбей ме, соны анықтау қажет (күмәнді жағдайда жүктілікке тест пайдалануды және/немесе вакцинациялау мерзімін ауыстыруды ұсыну).

Сонымен қатар, вакцинацияның қауіпсіз екенін ескерген дұрыс. Кез келген лицензиясы бар вакцина бірнеше сатыдан тұратын жіті тексерістен өтеді, содан кейін ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Вакцина нарыққа түскенен кейін де үнемі бақылауда болады.