2050 жылға қарай 65 жастан асқан адамдардың саны 2019 жылмен салыстырғанда екі есе артып, 3,4 миллион адамға жетеді. Бұл туралы БҰҰ қорының баяндамасында жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Зерттеу Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырысы бойынша БҰҰ-ның тұрғын халық саласындағы қорының (UNFPA) техникалық қолдауымен жүргізілген.
"Зерттеу қорытындысы, соның ішінде COVID-19 пандемиясында, Қазақстан халықтың демографиялық қартаюының ерте сатысында екенін көрсетті. 2050 жылға қарай 65 жастан асқан адамдар саны 2019 жылмен салыстырғанда екі есе артады - 1,4-тен 3,4 миллионға дейін, ал олардың елдегі жалпы халық санындағы үлесі 2019 жылғы 7,5 пайыздан 2050 жылы 14 пайызға дейін артады", - деп хабарлады ЮНФПА өкілдері.
Белсенді ұзақ өмір сүру индексінің жиынтық мәні бойынша Қазақстан 30 елдің ішінде тоғызыншы орында тұр. Индекс бойынша көрші елдер - Франция мен Эстония. Ал Ресей осы рейтингіде 28-іші орында.
"Қолайлы орта мен белсенді ұзақ өмір сүру үшін мүмкіндіктер параметрлеріндегі осындай жоғары позиция ең алдымен Қазақстанның қарт азаматтарының өте жоғары білім деңгейі есебінен қамтамасыз етіледі; осы көрсеткіш бойынша республика Еуропа елдерін басып озады", - делінген ЮНФПА баяндамасында.
Сондай-ақ, осы мәселедегі Қазақстанның кемшіл тұстары аталды.
"Әрбір бесінші егде жастағы қазақстандықтың қаржылық жағдайы қиын. Медициналық қызметтер қол жетімді болуы керек деп санайтын респонденттердің үлесі 2008 жылғы 35 пайыздан 2020 жылы 48 пайызға дейін өсті. 2008 жылы қарттардың 45 пайызы қоғамда қарттарға қатысты зорлық-зомбылық бар деп мәлімдесе, 2020 жылы бұл көрсеткіш 61-ге көбейді", - делінген зерттеу нәтижелерінде.
725 рет оқылды