Қазақстанда электронды петиция жүйесін енгізу көзделіп отыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру жөнінде ОКҚ-дағы баспасөз мәслихаты барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мемлекеттің қызметіне қатысуға қоғамдық қызығушылықтың өсіп келе жатқанын айтты.
Министр Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында министрлік әлемнің 30-ға жуық елінің тәжірибесін зерделегенін, онда петиция іс жүзінде қолданылатынын мәлім етті. Айтуынша, көптеген елдерде «петиция» ұғымы ұжымдық үндеудің электрондық түрі болып табылып, заңнамалық деңгейде реттеледі.
«Қазақстанда «петиция» ұғымы нақты бекітетін, сондай-ақ оны ұсныу мен қарау тәртібін реттейтін тиісті нормативтік-құқықтық база әзірленуде», - деді Аида Балаева.