Елімізде пациентке екпе егу не дәрі беру кезінде медициналық қызметкерлердің әрекеттерін реттейтін бұйрық күшіне енді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтем жасап.
ҚР Денсаулық сақтау министрі «Қазақстан Республикасында аллергологиялық және иммунологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 26 маусымда № 446 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрыққа қол қойды.
«Аталмыш құжат халықаралық стандарттарға сәйкес пациенттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аллергиялық реакциялардың алдын алу мақсатында медициналық дәрі-дәрмектерді енгізу кезіндегі медициналық қызметкерлердің әрекеттерін реттейді», - делінген хабарламада.
Онда дәрі - дәрмектерді (әсіресе антибиотик, анестетик, миорелаксант, нейролептик, антикоагулянт, ақуыз немесе сарысу негізіндегі препарат, рентгенконтрасты заттар) қолдана отырып, медициналық көмек көрсетудің кез келген кезеңінде қолдануға мүмкіндік беретін, пациентті ауыр аллергиялық реакциялардың өршуін қауіпсіздендіретін, дәрілік аса жоғары сезімталдықты диагностикалау үшін түсіну және қолданудың қарапайым алгоритмі ұсынылған.
Таблетка препараттарды тағайындаудан бастап реанимацияда ауыр жағдайларға дейін әр түрлі жағдайларда қолданылуға мүмкін болатын, дәрі-дәрмектік аса жоғары сезімталдықты диагностикалау әдісін таңдау жолдары ұсынылған.
Елімізде рет бастапқы иммундық тапшылық күдігі бар пациенттерді мекемеге жолдау алгоритмі бекітілді, бұл пациенттердің осы ауыр санатына уақтылы мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
ДСМ баспасөз қызметінің мәліметінше, аталмыш құжат 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс пен 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде бекітілген.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр қыркүйек айында Астанадағы ауруханалардың біріне жүгінген 28 жастағы келіншек екпеден кейін аллергиялық реакция беріп көз жұмған болатын.