27 сәу, 2020 сағат 15:41

Қазақстанда COVID-19 дертінен айыққандар 700-ден асты

Елімізде коронавирус індетінен жазылғандар саны 720 адамға жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

coronavirus2020.kz сайтындағы соңғы мәліметке сәйкес, Қазақстанда тағы 24 адам инфекциядан емделіп шыққан. Оның ішінде Қызылорда облысында - 4, Қарағанды облысында - 6, Түркістан облысында - 2, Атырау облысында - 12 адам. 

Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 720:

Нұр-Сұлтан қаласы – 214
Алматы қаласы – 96
Шымкент қаласы – 29
Ақмола облысы – 31
Ақтөбе облысы – 10
Алматы облысы – 9
Атырау облысы – 59
Шығыс Қазақстан облысы – 6
Жамбыл облысы – 43
Батыс Қазақстан облысы – 7
Қарағанды облысы – 43
Қостанай облысы – 3
Қызылорда облысы – 104
Маңғыстау облысы – 4
Павлодар облысы – 3
Солтүстік Қазақстан облысы – 25
Түркістан облысы – 28