13 қаң, 2021 сағат 07:52

Қазақстанда былтыр 720 мың жеңіл автомобиль тіркелді

2020 жылғы қаңтар-қарашада елімізде 720 026 жеңіл автомобиль тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«2020 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстан Республикасында 720 026 жеңіл автомобиль тіркелген. Бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 10,8 пайызға кем. Қазақстан Республикасында 2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3 898,1 мың бірлікті құрады», - делінген ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы таратқан ақпаратта. 

Ведомство мәліметінше, өткен жылдың 11 айында 11 837 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 17 193 адам зардап шекті. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда жол-көлік оқиғасы 20,2 пайызға кеміді. 

2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 26,1 млрд теңге сомасында 62 346 сақтандыру төлемін жүзеге асырды.