17 сәу, 2018 сағат 10:52

Қазақстанда бір айға жететін отын қоры бар - Энергетика министрлігі

Энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов Қазақстанда ішкі нарықты бір ай бойы қамтамасыз ете алатын жанар-жағармай материалдары бар екенін айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап.

"Өңделген мұнайдың көлемі 3,9 миллион тоннаға жетті. Бұл өткен жылғы 2017 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 9,4 пайызға артық. Алғашқы үш айда үш мұнай өңдейтін үш зауыттағы мұнай өнімдерінің көлемі 2,8 миллион тонна болды. Бұл былтырмен салыстырғанда 5 пайызға артық", - деді Махамбет Досмұхамбетов үкімет отырысы барысында.

Оның айтуынша, алғашқы үш айда еліміздегі мұнай өнімдері бойынша жағдай тұрақты.

Сонымен қатар, энергетика бірінші вице-министрі осы жылдың алғашқы үш айында 18 миллион тонна мұнай экспортталғанын айтты.

Еске сала кетейік, осыған дейін 11 сәуірде энергетика министрі Қанат Бозымбаев бензин бағасы арзандауы мүмкін екенін айтқан еді.