Қазақстанда ауа райының күрт суытуына байланысты барлық бағыттағы пойыздың жылдамдығы азайтылды. Осының салдарынан пойыздар межеленген жерлеріне кешігіп баратын болады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ ауа райының қатты суытуына байланысты жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық бағыттағы пойыздың жылдамдығын азайту туралы шешім қабылдады», - делінген жұма күні таратылған хабарламада.
Мұнымен қатар, аталған АҚ баспасөзінің өкілдері «Пойыздардың осы себептермен кешігуіне байланысты жолаушылардан түсіністік танытуларын сұраймыз», - деп қосты.
Дәл қазір пойыздағы жылу жүйесі мен жолаушылар вагонындағы ауа температурасы қатаң бақылауға алынған.