Фото: bloknot.ru
Қазақстандықтар жиі көлік әкелетін елдер аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев заңдастырылған автомобильдердің едәуір саны Қазақстанмен бір Кеден одағында тұрған үш елден әкелінетінін мәлімдеді.
"Бұл Ресейден әкелінген автокөліктер – 66,3 пайыз немесе 132 929 дана, Армения – 18,5 пайыз немесе 37 113 дана, Қырғызстан – 10,8 пайыз немесе 21 601 дана", – деді ол ОҚК-да өткен брифингте.
Қазақстан өңірлері бойынша ең көп шетелдік автокөлік Алматыда (21 115), Ақтөбе облысында (20 876), Шымкентте (15 145), Батыс Қазақстан облысында (14 204), Атырау облысында (14 197), Қызылорда облысында (13 695) тіркелген.