Фото: pexels.com
Синоптиктер Қазақстанда 12-14 қазанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.
Болжамға сәйкес, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жауын-шашын жаңбыр, жылбысқы қар түрінде болады.
"12 қазанда батыста, солтүстік-батыста, 13 қазанда орталықта, оңтүстікте, 14 қазанда шығыста, 13-14 қазанда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болады. Республика бойынша көктайғақ, екпінді жел күтіледі, түнде және таңғы уақытта тұман болжанады.
Ауа температурасы шығыста түнде 3-11 градус жылыдан 3 градус аяз - 8 градус жылыға дейін, күндіз 10-22 градус жылыдан 4-15 градус жылыға дейін, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 10-18 градус, таулы аудандарда 2-7 градус жылыдан 0-10 градус жылы, таулы аудандарда 0-5 градус аязға дейін, күндіз 22-27 градус, таулы аудандарда 10-15 градус жылыдан 7-15 градус, таулы аймақтарда 0-5 градус жылыға дейін төмендейді" - делінген хабарламада.