27 там, 2020 сағат 08:43

Қазақстанда әскери медициналық мекемелердегі барлық COVID-стационар жабылды

Қазақстанда әскери медициналық мекемелерде коронавирустың таралуына байланысты қызмет еткен барлық инфекциялық және провизорлық стационарлар жабылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Твиттерде хабарлады.

«Карантиндік шаралардың қатаң сақталуының арқасында жеке құрамның арасында коронавирустық инфекция жағдайларының қысқаруына қол жеткізілді. Инфекциялық және провизорлық стационар ретінде қызмет еткен барлық 4 әскери-медициналық мекеме қайтадан штаттық жұмыс режимге ауыстырылды» деп хабарлайды министр.