Қазақстанда ашық түсті мұнай өнімдерінің импортына тыйым салынбақ. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, аталмыш нормативтік құқықтық актіні қабылдау отандық мұнай өңдеу зауыттары өндіретін және сырттан әкелінетін мұнай өнімдері көлемдері арасындағы тұтынудың ыңғайлы теңгерімін қамтамасыз етуге, сондай-ақ зауыттардағы мұнай өңдеудің төмендеу фактілерін болдырмауға бағытталған.
ҚР Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 431 бұйрығында қысқы дизель отынын және арктикалық дизель отынын (СЭҚ ТН кодтары 2710 19 422 0, 2710 19 423 0) қоспағанда, Қазақстан Республикасына дизель отынын (СЭҚ ТН кодтары 2710 19 421 0 – 2710 19 424 0 және 2710 19 425 0) теміржол, автомобиль және құбыржол көлігімен әкелуге 2021 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімге тыйым салу көзделген.