14 жел, 2020 сағат 14:53

Қазақстанда алдағы тәуліктерде қар жауып, күн жылынады - Қазгидромет

Қазгидромет 15-17 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Еліміздің барлық аумағында негізінен жауын-шашынсыз аязды ауа райын алып келген Сібір антициклоны шығыс бағытта жылжи бастайды. Оның артынан Солтүстік-батыс циклон ығысады. Елдің басым бөлігінде қар жауып, жаяу бұрқасын болады, сондай-ақ ауа температурасы жоғарлайды», - делінген хабарламада.