Иллюстрациялық фото: pixabay
Синоптиктер 18-20 шілдеде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Синоптиктер болжамынша, алдағы тәуліктерде Қазақстанның солтүстік жартысына атмосфералық фронтал бөліктер ықпал етеді. Соған байланысты найзағай ойнап, жаңбыр және бұршақ жауады, одан бөлек екпінді жел күтіледі,
"18-19 шілдеде батыста, солтүстік-батыста, 18-20 шілдеде солтүстікте және солтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Қазақстанның қалған аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады, осыған байланысты негізінен жауын-шашынсыз ауа-райы күтіліп отыр. 18-19 шілдеде республиканың оңтүстік-шығысында күндіз 40-42 градус ыстық болады деп болжанады" - делінген хабарламада.