Фото: narodna-pravda.ua
Синоптиктер 27-29 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазгидромет мәліметінше, республиканың басым бөлігінде ауа райына атмосфералық фронтал бөліктер әсер етеді, жаңбыр жауып найзағай ойнайды, республиканың шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сондай-ақ, республиканың оңтүстігінде жел күшейіп, батыс пен оңтүстікте құмды дауыл соғады.
"Қазақстанда тәуліктік ауа температурасы жоғарлайды: батыс облыстарда +32-37 градусқа дейін, солтүстік-батыста +30-35 градусқа дейін, солтүстікте +20-30 градусқа дейін, орталықта +20-28 градусқа дейін, оңтүстікте +30-38 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +20-25 градусқа дейін аздап төмендейді, таулы аймақтарда +10-15 градус, шығыста негізгі фон + 23-28 градус", - делінген хабарламада.