09 мау, 2020 сағат 19:04

«Қазақстан темір жолында» жаппай қысқарту бола ма - компания жауабы

Кейінгі кезде кейбір телеграмм-блоктар мен мессенджерде «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да жаппай қысқарту болатыны жайлы ақпарат таралып жатыр. Осы әңгімеге байланысты компанияның баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, компанияда қызметкерлер санын оңтайландыру мен кадрларды қысқарту дегеннің екеуі - екі бөлек мәселе. Жалпы оңтайландыру жұмыстары үш негізгі факторға сүйенеді. 

«Біріншіден, бұл баламалы темір жол компанияларымен салыстырғанда еңбек өнімділігінің төмендігі. Мәселен, Ресей теміржолымен салыстырғанда бізде еңбек өнімділігі екі есе төмен, ал солтүстік америкалық темір жол компанияларына және China Railways теміржолына қарағанда мүлде артта қалғанбыз. Егер 1 шақырымдық эксплуатациялық жолға шаққандағы жұмысшылар саны жөнінен келсек РТЖ-мен салыстыруға болады, ал Deutsche Bahn теміржолынан бұл ретте 28% артта қалады. Ал САТЖ-ға қарағанда көш кейін қалып келеді. Ал енді техникалық және технологиялық көрсеткіштерге келсек, онда мысалы, РТЖ-да тиелген бағдарлар үшін вагондардың қозғалысы бойынша кепілдік беретін «арқалау» күші бүгін де 2 200 шақырымды құраса, бұл көрсеткіш «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да 215 шақырымнан аспайды», - деп түсініктеме берді компания. 

Екіншіден САТЖ-да барлық құрылым негізгі табысты бизнес бағыттарды дамытуға бағыттала отырып құрылған. Басқа қалған көмекші қызметтер (автокөлік, тазалау, ғимараттарды күтіп ұстау және т.б.) мамандандырылған мердігер компаниялардың күшімен қамтамасыз етіледі. Ал «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да, мысалы, жекеменшікте тозығы жеткен 514 гараж бен 3111 автокөлік және арнайы техника бар. Эксплуатациялық шығындар 6 млрд-тан астам теңгені құрайды. Бұл жыл сайын жалақының өсуі, отын мен көлік шаруашылығының құрамдас бөлшектері мен оларды ұстап отыру бағасының көтерілуіне байланысты көбейіп отыр. Жыл сайын тым тозығы жеткен және істен шығарылған техниканың болуына байланысты айтарлықтай қомақты қаржы капитал салымдарына керек. Сондықтан аталған қызметтерді нарықтан тарту әлдеқайда тиімдірек болады. 

«Үшіншіден, «ҚТЖ» ҰК» АҚ қол еңбегін алмастыратын жаңа технологияларды енгізуде. Мәселен, «Магистраль» АБЖ шеңберінде мобильді диагностикалық құралдарды енгізу» жобасы ескірген, тиімділігі аз алмалы қос жолды тіркеуіші жоқ ақаутапқыш арбалардан автоматтандыру жағына қарай көшуге мүмкіндік береді. «Тасымал құжаттарын қағазсыз технологиямен ресімдеуді енгізу» жобасы клиенттерге кез келген ыңғайлы орыннан электронды түрде жүк тасымалын ресімдеуге септік етеді. Нәтижесінде, мекенжайды өзгертіп жазуға берілетін өтінім мерзімі 2 күннен 1 сағатқа дейін қысқарды, сонымен қатар жоспарлау үдерісі 11 сағаттан 5 минутқа азайды. Клиенттердің станция жұмысшыларымен тікелей байланысы азайтылды, соның арқасында клиенттердің алым-салымға қатысты шағымдары кеміді және ресімдеу барысында жіберілетін қателіктер мен жаңылыс жазулар да қысқарды», - делінген хабарламада.

ҚТЖ баспасөз қызметі бірінші кезекте айта кетерлігі, әлеуетті қысқартулардың көлемі толығымен ішкі жалдау көлемі арқылы жабылатынын хабарлайды. Кейінгі үш жыл бойына «ҚТЖ» ҰК» АҚ нарықтан жылына 12 мыңнан астам адамды жалға алған.

«Қазіргі сәтте ішкі жалдауға мораторий жарияланған және персоналды ең сұранысқа ие бірқатар мамандық бойынша дайындау және қайта дайындау бағдарламалары іске қосылды (монтерлер, бригадирлер, жолсеріктер және басқалары). Жұмыс орны оңтайландыруға ұшыраған жұмысшыларға баламалы жағдай жасап, жүйелік тәсіл қолдануды қамтамасыз ету үшін персоналға жеңіл тиетіндей етіп босату бойынша кешенді бағдарлама қабылданды. Сол арқылы болашақта аталған жұмысшының ҚТЖ ішінде және басқа да ұйымдарда жұмыспен қамтылуы көзделеді», - деп түсіндіреді компаниядан. 

Мәселен, «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ-ның босатылған жұмысшысына «ҚТЖ» компаниясы тобының ішіндегі вакансиялар ұсынылған. Осындай жолмен 620 жұмысшы жұмысқа орналастырылған. 

Аутсорсингке бейінді емес функциялар қорытындысына келсек, жалпы алғанда әлеуетті жеткізушілер алдына тиісті телімдерге жұмылдырылған ҚТЖ-ның барлық тілек білдірген жұмысшыларын жұмысқа орналастыру туралы міндетті шарт қойылады. Мұндай механизм келесідей қызмет түрлерін аутсорсингке шығару барысында қолданылған: автокөлікпен қамтамасыз ету, жүк вагондары паркіне техникалық қызмет көрсету және күтіп ұстау, пошталық корреспонденция, локомотив бригадалары үшін демалыс орындарын ұсыну бойынша қызмет. 

Әрбір жеке жоба шеңберінде компания жұмысшыларға бірнеше нұсқа ұсынады. Оның ішінде басқа қызметтерге жұмысқа орналастыру, өтемақылар, зейнетке ертерек шыға беру (егер жарамды болса) сынды ұсыныстар бар. Ерекше айта кетерлігі – барлық ұсынылатын шаралар теміржолшылар кәсіподағымен келісіліп, жасалады. 

«Штатты оңтайландыру жалақы төлемі бойынша қолданыстағы қор шегінде еңбек ақыны көтеруге мүмкіндік беретіні - маңызды тұыс. Ағымдағы қаржы жағдайында жалақыны көтеру бойынша басқа көздер «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да жоқ. Ұлттық темір жол компаниясы жұмысшыларының орташа жалақысы «өнеркәсіптік» сала бойынша орташа республикалық деңгейден 20%-ға артта қалады. Ал РТЖ-дан 40%-ға кем. 2024 жылға дейін персоналға жеңіл тиетіндей жұмыстан босату бағдарламасы есебімен «ҚТЖ» ҰК» АҚ жұмысшыларының жалақысы ең аз дегенде 35%-ға өсіріледі. 2019 жылы құрылған резерв есебімен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақының 5% өсімі қамтамасыз етілді, жол монтерлері үшін ЕҚК-не (еңбек қатысуының коэффициенті) сыйақы беру сынды тетіктер енгізілді. Салалық және басқа да жарыстар үшін сыйақы беру қарастырылды», - деп хабарлайды компаниядан.