Түркиямен әуе рейстері қысқарады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Еске сала кетейік, 2 қарашада ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өткен болатын.
Жиында бірқатар шешімдер қабылданды. Атап айтқанда 9 қарашадан бастап Түркиямен халықаралық әуе рейстерінің санын аптасына 33-тен 20-ға дейін қысқарады.