10 там, 2021 сағат 14:55

Қазақстан мен Моңғолия арасында арнайы әуе рейстері қатынайды


Өз еліне қайтқысы келетін Моңғолия азаматтары репатриациялық рейстерді пайдалана алады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігі мен «HunnuAir» әуе компаниясы 2021 жылдың 14 тамызы Ұланбатыр – Нұр-Сұлтан – Ұланбатыр және 19 тамыз күні Ұланбатыр – Алматы – Ұланбатыр бағыттары бойынша арнайы рейстер ұйымдастыруды жоспарлап отыр. 

«Жоғарыда аталған арнайы рейстер Моңғолияға қайтқысы келетін Қазақстан азаматтары мен Қазақстанда тұруға ыхтиярхаты бар Моңғолия азаматтары және олардың отбасыларын қабылдауға дайын. Одан бөлек, Қазақстанға көші-қон заңнамасын бұзып келген Моңғолия азаматтары да репатриациондық рейстермен өз еліне орала алады. Ол үшін оларға Қарасай батыр көшесі 109а мекен-жайы бойынша Алматының полиция департаментінің көші-қон басқармасына жүгіну керек», - деді Алматы ПД-де.