13 ақп, 2020 сағат 07:18

Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді

Сейсмикалық стансалар желісі 9 сағат 49 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экпедициясының мәліметінше, жерасты дүмпуінің ошағы Қазақстан мен Қытай шекарасында, Алматыдан шығысқа қарай 301 шақырым қашықтықта орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.5.Магнитуда MPV 3.9. Эпицентрінің координаттары 43.00° с.е. 80.60° ш.б. Тереңдігі 15 км. Сезілуі туралы ақпарат (МSК-64 шкаласы бойынша) жоқ.