17 қыр, 2020 сағат 12:50

Қазақстан құрамасының FIFA рейтингіндегі орны белгілі болды

FIFA әлемнің ұлттық құрамалары рейтингінің соңғы нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz сайты.

Мықтылар «үштігіне» бұрынғыдай Бельгия, Франция және Аргентина құрамалары кіріп отыр. Қазақстан командасы бұл тізімде 118-ші орында. 

Еске сала кетсек, осы айда Михал Билектің қарамағындағылар УЕФА ұлттар лигасы матчтарында Литва командасын ұтып (2:0), Беларусь футболшыларынан сүрінген еді (1:2). 

2020 жылғы 17 қыркүйектегі FIFA рейтингі: 

1 (1). Бельгия — 1773 ұпай

2 (2). Франция — 1744

3 (3). Бразилия — 1712

4 (4). Англия — 1664

5 (7). Португалия — 1653

6 (5). Уругвай — 1645

7 (8). Испания — 1642

8 (6). Хорватия — 1628

9 (9). Аргентина — 1623

10 (10). Колумбия — 1622

24 (24). Украина — 1539

32 (38). Ресей — 1485

85 (85). Өзбекстан — 1290

87 (87). Беларусь — 1282

89 (91). Грузия — 1274

95 (96). Қырғызстан — 1240

101 (102). Армения — 1215

108 (104). Эстония — 1188

112 (114). Әзербайжан — 1179

118 (118). Қазақстан — 1156

122 (121). Тәжікстан — 1148

129 (129). Түрікменстан — 1107

131 (131). Литва — 1093

137 (137). Латвия — 1076

175 (175). Молдавия — 959.