#
#
Cәрсенбі 25/11/2020

Қазақстан халықаралық әуе рейстердің санын қысқартады

  • 19.10.2020
  • 0
  • 141

Қазақстан 26 қазаннан бастап коронавирусқа қатысты ахуалы нашар елдерге әуе рейстерін қысқартады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Комиссияның бүгінгі шешіміне сәйкес, ел өңірлеріндегі шекарадан өткізу пунктерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтіледі. 

Бұдан бөлек, 26 қазаннан бастап шет елдердегі эпидемиологиялық ахуалды ескерумен шетелге ұшатын әуе рейстерінің саны қысқартылады. 

Сондай-ақ, Қазақстан аумағына келгендердің барлығы (соның ішінде ҚР азаматтары), соның ішінде екіжақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын жүргізушілер міндетті ПТР-тестілеуден өтеді.

Мәлім етілгендей, шетелден келушілерге, оның ішінде ҚР азаматтары үшін коронавирусқа ПТР-тестілеуден өткені туралы анықтаманың жарамдылық мерзімі 3 күнге дейін белгіленді.

Теги: әуе рейстері, карантин, коронавирус, Қазақстан

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар