#
#
Сенбі 23/01/2021

Қазақстан халық партиясы Сайлауалды бағдарламасының жобасын таныстырды

  • 23.11.2020
  • 0
  • 128

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Қазақстан халық партиясының Сайлауалды бағдарламасының жобасын таныстырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Біз, Қазақстан халық партиясы қарапайым адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау ісін жалғастыру үшін Парламентке барамыз. Біріншіден, білім мен медицинаның қолжетімгі мен сапасы ескеріліп отыр. Білім алу қолжетімді болуы тиіс. Ол үшін тегін білім алуға көшу керек», - деді И. Смирнова партияның кезектен тыс XVI съезі барысында. 

Сонымен қатар ол медицина саласына шығыстарды ұлғайту мәселесін көтерді. 

«Екіншіден, халықтың баспана мәселесін шешуге екпін қойылады. Біз қазақстандықтар үшін жер телімі мәселесін түбегейлі шешеміз. Әр отбасы баспана және үй шаруашылығы нысанын салу үшін 20 сотық жер алады. Мемлекет бұл учаскелерге қажетті инфрақұрылымды тартады», - деді депутат. 

Сайлауалды бағдарламадағы үшінші бастама зейнет жасына жеткендерге жағдай жасауға арналған. Осы орайда зейнет жасын 60 жасқа дейін төмендету ескерілген. 

Төртінші бастамада жер ресурстарына мемлекеттік меншікті қорғау қамтылған. 

Бесіншіден, ауыл шаруашылығы экономиканың драйвері болып, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. 

Алтыншыдан, банктердің есебінен жеке әрі заңды тұлғалар үшін несиелік рақымшылық жүргізу қадамы қарастырылған. 

Сонымен қатар жетінші бастамада салық саясатына арналған. 

Сегізіншіден, мемлекеттік шешімдерді жүзеге асырудың тиімділігін бақылау бастамасы қамтылған. 

Мұнымен қоса, тоғызыншы бастамада сот жүйесіне қатысты ұсыныстар ескерілген. 

Оныншы бастамада халықтың рухани мұрасына назар аударылып отыр. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар