26 шіл, 2020 сағат 15:35

Қазақстан халқын қажет дәрі-дәрмекпен қамту үшін қандай шаралар атқарылды?

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі КВИ және пневмониямен күрес бойынша атқарылып жатқан шаралар жөнінде мәлімет таратты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бүгінгі күні медициналық масканың шекті бөлшек сауда бағасы 28%-ға, яғни 118-ден 85 теңгеге дейін төмендеген. Қазір резервте 41 млн маска, 27 млн қолғап, 379 мың қорғаныш костюмі бар.

Тестілеу қуаты: қазір – тәулігіне 32 мың, 1 тамызға қарай - тәулігіне 35,6 мыңға дейін, 1 қыркүйекке қарай - тәулігіне 64 мыңға дейін ұлғайту жоспарланған.

Тамыз айының соңына дейін тестің ПТР резервін қалыптастыру - 1,2 млн, 59 мемлекеттік және жеке зертхана іске қосылды.

Дәрілік заттарды сапалы жоспарлау және сатып алу шаралары: 

Біріншіден, сертификаттау рәсімдерін жеңілдету:

- ( 1 айдан 3 күнге дейін)

- бір жолғы әкелу бір тәулік ішінде беріледі

- COVID-19 емдеу үшін жаңа препараттарды тіркеу процедурасы (6 айдан 2 айға дейін) жеделдейді.

Екіншіден, бөлшек сату бойынша дәріханаларды арнайы борттар есебінен толықтыру үшін Ресей мен Үндістанға 4 млн орамға 6 арнайы авиарейс ұйымдастырылған. 

Үшіншіден, өңірлерде арнайы тұрақтандыру қорын құру:

- Алматы - 5 млрд тг 

- Нұр-Сұлтан - 1,2 млрд тг 

- Шымкент - 180 млн тг 

- Ақтөбе облысы - 500 млн тг 

- ШҚО - 250 млн тг және басқалар. 

COVID-19 емдеу бойынша БМСК деңгейінде қосымша дәрі-дәрмекпен, оған қоса 1 млн-ға жуық адамды қамтитын 8,6 млрд теңгеге дәрі-дәрмектің 5 түрімен қамтамасыз ету көзделген. 

COVID-19-дан стационарларда емдеуге арналған дәрі-дәрмектің айлық қоры қалыптасты.

Сонымен қатар, тағы 3 айға резерв құру мақсатында отандық өндірушілерден де, импорттаушылардан да медициналық препараттарды сатып алу рәсімі қатар жүргізіледі.