«Қазгидромет» РМК-сі Қазақстан бойынша ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
17 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласында жел тұрып, жылдамдығы секундына 15-20, 23 метрге жетеді.
Ақмола облысында жаңбыр жауып, жел секундына 23-28 метр жылдамдықпен ұйтқиды, екпіні 15-20 метр.
Ақтөбе облысындажелдің күші секундына 18 метр болады, екпіні 15-20 метрге жетеді.
Алматы облысында найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.
Атырау облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысынданайзағай ойнап, дауыл тұрады, желдің жылдамдығы секундына 23-28 метрге жетеді, екпіні секундына 15-20 метр болады.
Жамбыл облысында жылдамдығы секундына 23-28, 30 метр және одан қатты жел тұруы ықтимал, екпіні секундына 15-20 метр болады.
Батыс Қазақстан облысындажелдің екпіні секундына 15-20 метр болады.
Қарағанды облысында нөсер жаңбыр жауып, екпіні секундына 15-20 метр, жылдамдығы секундына 23-28,30 метрге жетеді және одан да күшті болуы ықтимал.
Қостанай облысында тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15-20, 23 метрге жетеді.
Қызылорда облысында найзағай ойнап, шаңды дауыл тұраы, желдің екпіні секундына 15-20, 23 метр болады. Күндіз өрт қаупі өте жоғары болады.
Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Павлодар облысында найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 25 метр жел тұруы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысындакей жерлерде нөсер жаңбыр жайып, найзағай ойнайды, дауыл тұрып, бұршақ жауады деп күтілуде. Желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 23-28 метр болады.
Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, екпіні секундына 15-20, 25 метрге жетеді.