#
#
Дүйсенбі 30/11/2020

«Қазақстан Болон процесінде және Еуроодақ жобаларында» халықаралық онлайн форумы басталды

  • 20.10.2020
  • 0
  • 88

«Өңірлік деңгейдегі жаһандық Қазақстан Болон процесінде және Еуроодақ жобаларында» халықаралық онлайн форумы басталды. Оған АҚШ, Түркия, Латвия, Польша, Болгария, Украина, Оңтүстік Корея елдеріндегі жоғары білім беру салаларының сарапшылары қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Форумның басты мақсаты – Қазақстанның Болон процесіне 10 жыл қатысуы және ЕО Темпус және Эразмус + бағдарламаларына 25 жыл қатысуының қорытындысын шығару. Сондай-ақ, Қазақстандағы және Орта Азия аймағында жоғары білімді әрі қарай дамыту жолдарын анықтау», - дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. 

Оның айтуынша, форумға білім беру саласындағы халықаралық сарапшылардың өте беделді командасы жиналған. 

«Екі күн бойы жақсы баяндамалар жасалатын болады. Форумға АҚШ, Түркия, Латвия, Польша, Болгария, Украина, Оңтүстік Корея елдеріндегі жоғары білім беру салаларының сарапшылары қатысуда. Бұл форум Орталық Азия елдерінің білім беру жүйелерінің интеграциясына, Болон процесінің қағидаттарын өңірде енгізуге және біздің еліміздегі жоғарғы білім беру сапасын одан әрі арттыруға ықпал етеді деп сенемін. Баршаларыңызға жемісті еңбек тілеймін», - дейді ол. 

Іс-шараға академиялық элита өкілдері, университеттер мен әлемге әйгілі қауымдастықтардың, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың басшылары, еуропалық сарапшылар, оның ішінде Еуропалық Комиссияның, Еуропалық Кеңестің, Болон процесі хатшылығының (BFUG) өкілдері қатысады. 

Форумда Болон процесінің принциптерін тарату, жаңа міндеттер тұрғысынан жоғары білім беруді дамытудың жаңа тенденциялары, университеттердің автономиясын кеңейту, инновациялық және цифрлық экожүйені қалыптастыру, сондай-ақ Орталық Азия білім беру хабын қалыптастыру мәселелерін талқылау жоспарлануда.

Теги: Болон процесі, Еуроодақ, Қазақстан, білім

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар