
Қазақстанның әртүрлі табиғи-экономикалық аймақтарында 270-ке жуық зиянды шегірткелер мекендейді. Ауыл шаруашылығы алқаптарына 15-20 түрі үлкен қауіп төндіреді. Олардың ішіндегі кең таралған аса қауіпті түрі - итальяндық прус (Calliptamus italicus l.) болып табылады. Олардың жаппай көбею ортасы республикамыздың көптеген аймақтарында орналасқан.
Таралуы. Жалпы итальяндық прус Қазақстанда кең таралған зиянкес. Республиканың дәнді-жусанды, жиі құмды далаларының, дала және шөл аймақтарының учаскелерін мекендейді. Итальяндық прустың жаппай көбеюі Қазақстанның әр түрлі астық егетін аймақтарында бірнеше рет орын алып келді. Мәселен, оның санының күрт артуы ауа райы-климаттық жағдайларға байланысты Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысының жекелеген аудандарында байқалды. Ресей федерациясымен шектес жатқан облыстарынан шегірткелердің ұшып келу үрдісі әлі күнге дейін сақталуда.
Зияндылық шегі. Күнбағыс, картоп, көкөніс дақылдары, бұршақ және бақша, кейде дәнді дақылдарды едәуір зақымдайды. Итальяндық прус негізінен кең жапырақты өсімдіктерге зиян тигізеді. Тамақтану барысында ол жапырақтарды өрескел немесе толығымен жейді, тіпті сабақтарымен зақымдайды, бұл көбінесе зақымдалған өсімдіктердің өліміне әкеледі.
Таралу тәсілдері. Салыстырмалы түрде сирек, жаппай көбею жылдары итальян прусы үйірлі пішінге ие. Осы кезеңде ол көптеген ауыл шаруашылығы дақылдары мен жасыл белдеуге елеулі зиян келтіруі мүмкін дернәсілдер мен бүркемеленген дарақтардың (табындардың) көп шоғырлануын жергілікті түрде қалыптастыра алады. Шегірткелердің жаппай көбеюі әр 7-10 жыл сайын қайталанады. Италиялық прустың жаппай көбеюі Қазақстанның әр түрлі астық егетін аймақтарында бірнеше рет байқалды.

Шегіртке текті зиянды организмдердің санын азайту үшін механикалық, агротехникалық, биологиялық, химиялық және басқа да күрес әдістері қолданылады. Қазіргі таңда олардың арасында күрестің химиялық әдісі ең тиімді болып танылды.
Қазіргі уақытта бізде шегірткелерге қарсы күреске 2013-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер (улы химикаттар) пайдаланылады.
Итальяндық прустың таралу ошақтары анықталған жағдайда, сондай-ақ өсімдіктер карантині және өсімдіктерді қорғау мәселелері бойынша толық ақпарат алу үшін мына мекен-жайға хабарласуларыңызды сұраймыз:
Нұр-Сұлтан қаласы, Бөгенбей батыр көшесі, 6 а, тел. + 7 (7172) 238-354, эл.мекен-жайы: fitokontrol.ast@mail.ru (өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция және фитосанитариялық бақылау бекеттері бөлімі).
Өсімдіктер карантині және қорғау
жөніндегі мемлекеттік инспекция және
фитосанитариялық бақылау бекеттері
бөлімінің басшысы А. Тлеужанов
