Бүгін Елордада «Жастар ұйымдарының нетворкингі және тәжірибе алмасуы» жобасы аясында Қазақстан-АҚШ жастары форумы өтті.
«Bolashaq» Қауымдастығының ұйықты болуымен өткен жиында екі ел арасындағы бірлескен жобалар сөз болып, жүзеге асыру жолдары талқыланды.
Форумның басты мақсаты – Қазақстан мен АҚШ жастары арасында қарым-қатынас орнату, екі жақты ынтымақтастықты нығайту.
Форумға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин, «Kazakhstan Trade Council» директоры Дэвит М.Валера, MIT университеті қызметкері, жас белсенді Челси Конард, «Еріктілер лигасы» қоғамдық қорының төрайымы Айсұлу Ерниязова, «Jas Otan» жастар қанатының жетекшісі Кәрібек Дәулет және т.б. белсенді жастар қатысты.
Форумға Қазақстан мен АҚШ-тың қоғамдық ұйымдары, қауымдастықтар мен әлеуметтік топтардың және студенттік клубтардың ресми өкілдері қатысты.
Жиын соңында қос тарап екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Bolashaq» Қауымдастығы, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» және «Kazakhstan Trade Council» үшжақты меморандумға қол қойылды.
Сондай-ақ «Jas Otan» және «Indiana University Fencing Club», «Астана Жастары» және «Words Can Soar» халықаралық ұйымы арасында меморандум жасалды.
Айта кетсек, форум «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.