#
#
Сенбі 11/07/2020

Қазақ-қырғыз шекарасындағы Қордай бекетінің реконструкциясы биыл аяқталады

  • 01.06.2020
  • 0
  • 212

Жамбыл облысында қазақ-қырғыз шекарасындағы «Қордай» өткізу бекетін реконструкциялау жұмысы жалғасып жатыр. Бекет келесі жылдың өзінде тәулігіне 2500 көлік пен 23 мың адамды өткізе алады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Жоба бойынша ұзындығы 137 метрлік 8 жолақты қозғалыс бөлігін, өткізу терминалдарын, бақылау-өткізу пунктін, шекара қызметінің ғимараты мен өткізу бекетінің басқа да нысандарын қайта жаңартылады. 

«Бұдан бөлек, биыл мамандар тексеруді жылдам жүргізуге арналған жаңа инспекциялық тексеру кешенін салады. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарына қажетті техниканың барлығы жұмылдырылып, құрылыс материалдары жеткізілген. Қайта жаңарту жұмыстарына 127 адам мен 15 техника тартылды. Өткізу бекетінің реконструкция ауданы - 3,5 га. Жобаның бас мердігері – «Дорстрой» ЖШС. Техникалық бақылауды «Алматы Сапа Инжиниринг» ЖШС жүзеге асырады. Жоба авторы – «Синтез» ЖШС» делінген хабарламада. 

Жол-құрылыс маусымы қызған шақта «Қордай» өткізу бекеті тек жаяу жүргіншілер үшін сағат 6:00-дан 24:00-ке дейін жұмыс істейді. 

Автокөліктер көршілес «Қарасу», «Сортөбе» және «Ауқатты» бекеттері арқылы өткізіліп жатыр. Аталмыш өткізу бекеттеріне кіру жолдары жақсы жағдайда. Бекеттегі жөндеу жұмыстарын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар