Суретте: Қырғыз атауын «ҚАЗАҚ» деп өзгерту туралы 5-съезд қаулысы. Ақмешіт қ., 19 сәуір 1925 ж. Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»
Жуырда Ұлттық арнаның арнайы жобасы жарық көрді. Атауы да ерекше: «Аталы жұрттың аты». Бүгін Ult.kz осы жобада көтерілген мәселелерді оқырманға ұсынып отыр.
Бүгінде планетамызда қазір 8 млрд-тан астам адам өмір сүреді. Ал территория жағынан әлемде тоғызыншы, түркі һәм мұсылман елдердің ішіндегі біріншісі болып отырған Қазақстанды 20 млн адам мекендейді. «Осыдан 100 жыл бұрын біздің жұртқа метрополия «киргиз», ол аздай, «киргиз-кайсак» деп ат қойып, айдар таққанын біреу білсе, біреу білмес. Сонымен бұл жоба кезінде кеткен қатенің қалай түзетілгенін көрсетуге тырысқан.
Дихан Қамзабекұлы, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры:
Біз ешқашан да қазақ деген атымыздан айырылған емеспіз. Қазақ газетін алыңыз, екінші 1921 жылы шыққан осы біздің газетіміздің бастауы «Еңбекші қазақты» алыңыз. Бірақ бұны жазған кезде сол заманның графикасымен түсірген кезде казак деп жазды. Қазір біз ағылшын тілінде q-пен жазамыз ба, kh-пен жазамыз ба деп жүрміз ғой. Сол сияқты, казакты қазақ дейік, қатені түзетейік деген мақаласын жазды.
Амантай Шәріп, филология ғылымының докторы, профессор:
«Еңбекші қазақта» 1923 жылы 15 ақпанда Манап Шамиль деген бүркеншік атпен мақала жарық көрді. Оның авторы – Сәкен Сейфуллин. Сол мақаланың ішінде ол бүгінгі тілмен айтқанда эссе сипатында, толғаныс сипатында жазған. Өйткені, қырғыз деген атау бізді кемсітіп, қорлау деңгейіне кетіп қалды. Бізге таңған атауы, өз атауымыз қазақ деген әңгімені қатты толғаныспен, ішкі дүниесін ақтарып отырып жазған. Өте жақсы шыққан дүние, адамға әсерін тигізеді. Сосын барып, Қазақстан орталық комитеті осы мәселені қазақты қазақ қылу жөнінде шешім шығарғаны қажет деген мәселені қойып кетеді.
19734 жылы Петербор қаласында шыққан «Санк Петербургские ведомости» газетінде алғаш қазақты киргиз деп жазғаны туралы нақты дерек бар. Журналист Еділден бастап, Қытайға дейінгі атыраптағы халықты еш негізсіз киргиз дей салған. Журналистің қатесі Ресейдің ресми әкімшілік басқару жүйесіне оп-оңай еніп, таралып кеткен.
Дихан Қамзабекұлы, «Егемен Қазақстан» ЖШС бас директоры:
Сот реофрмалары туралы Шоқан Уалиханов бір еңбегінде айтылады, «жергілікті халық өзін жасыру үшін белгілі бір ұстаныммен әдейі айтқысы келмей, сондай ақпарат берді. Содан ары қарай киргиз-кайсак болып шатастырылып кетті дейді. Ғалымдардың арасында екінші бір ұстаным бар, ол орыстың ішінде казачистива деген бар. Біз оны казк деп айтамыз ғой. Солармен шатастырмау үшін бізді киргиз деп айтты дейді.
Кез келген елдің атын көршілері қояды деген теория бар. Қазақ пен казак ұғымының түп төркіні бір дейді ғалымдар. Қазақ сөзі көне деректерде еркін көшіп келе жатқан, яғни тәуелсіз адам деген мағынада қолданылған. Казак сөзі де ортағасырлық деректерде еркін жүрген жауынгер, шекара күзетшісіне теңелген.
Сәбит Шілдебай, Орталық мемлекеттік архив РМК директоры:
Қазақылық деген қашып кетіп, еркін өмір сүру дегенді білдіреді. Ғалымдар бұл сөздің 24 түрлі мағынасы бар деп атап көрсетті ғой. Мысалы, Ә.Қайдаров академик ағамыз 100-ге тарта мағынасы бар дейді. Сол сияқты, бұл қазақ деген сөзді талдай беретін болсақ, өте көп. Ең алғаш1160 жылдары жарық көрген араб-қазақ сөздігінде кездеседі. Сол кездерде ол сондай мағынаны білдіріп тұр.
Берекет Кәрібаев, ҚР ҰҒА Академигі:
Қазақ сөзінің бірінші мәні ол таза әлеуметтік мән. Көшпелі қоғамда, яғни Дешті-қыпшақ аумағында бір рудың, бір тайпаның, бір қауымның ішінде әртүрлі жағдайға байланысты ренжісіп, бөлініп кеткен адамды немесе адамдар тобын айтады екен. Х ғасырдың басында қазақ жерінде Моңғол империясының Жошы ұлысы, Алтын орланың болуына байланысты, саяси жағдайға байланысты ханның ұрпақтары билікке таласып, жеңгені ресми таққа келеді. Ал жеңілгені өлтірілді немесе өзінің жақтастарымен қашуға мәжбүр болады. Сөтіп олар, деректерде қазақташ деген термин болады. Уақытша болуы, ол билікке келгенге дейін. Әлеуметтік болуы, әртүрлі әлеуметтік топтар және саяси болуы. Кебір деректерде «қайран менің 360 қазағым» деп қашып жүргендегі өлең жолдары бар.
Амантай Шәріп, филология ғылымының докторы, профессор:
Қазақ деген сөз өзі өр, өжет, жауынгер, тәуелсіз, ешкімге бағынбайтын тағысын тағы мағынаны білдіреді. Ол біз ұлт болып қалыптасқанға дейін бар сөз. Ол біздің ұлтымызға солай ат болып қабылданды. Бұл туралы тарихи құжаттарда бар. Мысалы, М.Дулатидың еңбектерінде, З.Бабырдың еңбектерінде осының әу бастағы тарихтары айтылған.
Дихан Қамзабекұлы, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры:
Қазақ деген этноним бұл еркіндікке шықты, ботсандыққа қарай талпынды. Екінші біздің ұранымыз Алаш қой, «керегеміз ағаш, ұранымсы Алаш» деп Әлихан Бөкейхандар алаш идеясын көтерген кезде сол ХХ ғасырдың басында геосаясаттағы жақсы бір өзгерістерді күткен секілді. Елді біріктіру, қазақтың аясында біріктіру, Алты алаш деп айтамыз.
Қазақ деген сөз де өзі пайда болған сәттен бастап бірнеше эволюциялық жолдан өтті. Әр кезеңде өз мәні болды. Мәнге саймазмұны да болған.қазақ этнонимі этностық мәнге Керей мен Жәнібек негізін қалаған қазақ хандығы құрылғаннан кейін ие болды. Бұған дейін түркі халықтары арасында қазақ термині әлеумиеттік ұғым ғана болса, бұдан кейін бүтін бір ұлттың атына айналды.
Сан ғасыр қазақ аталып келген жұрт ресми Ресей империясының құрамына тенгелі киргиз атанды. Ерте ме, кеш пе қатенің түзетілетіні нақ еді. 1925 жылы қазіргі қызылорда, сол сәтте Ақмешіт шаһары тарихи әділеттілік орнады. Бесінші бүкілқазақ съезінің соңғы төртінші күні халқымыздың қазақ деген төл аты қалпына келтіліріп, жаңа астананы Қызылорда деп атау жөнінде шешім қабылданды.
Амантай Шәріп, филология ғылымының докторы, профессор:
Көшкен кезде, әрине, оңай болмайды. Қаншама қаланың аты аталған үміткер ретінде. Қазір кішкентай жерлер болып қалған Атбасардың да аты аталған екен. Үлкен қалалардан Ақмола, Семей, Ақтөбе, Әулиеата, Түркістан бар, Шымкентке бірнеше рет қаулы шыққан, бірақ ол қаулы орындалмай қалған. Сосын бәрі ортақ мәмілеге келіп, Ақмешітке тоқтап, Ақмешітті таңдаған. Сұлтанбек Қожанұлының «Кешіктірмей келісу керек» деген мақаласы бар. Соның ішінде көп дауласпай, әрі тартпай, бері тартпай Ақмешітке көшіргеніміз дұрыс болады дейді. Өйткені ол орналасқан жері ыңғайлы, үстігінде Қарақалпақ, Сырдария, Шығысында Жетісу, жер үстігінде Ақмола, Торғай, батысында Ақтөбе, Орал, барлығымен тікелей байланыс бар, қолайлы жерде орналасқан. Сосын Түркісіб теміржолы өтеді, табиғи байлығы мол.
О баста күн тәртібінде республика мен астана атын ауыстыру мәселесі мүлдем болмаған. Съездің соңғы күні жиын аяқталуға таяған кезде қазақ өлкелік партия комитетінің жауапты хатшысы Сұлтанбек Қожанұлы кенеттен сөз сұрайды.
Амантай Шәріп, филология ғылымының докторы, профессор:
Біріншіден біз уақытқа шейін қазақтар қырғыз болып келді. Бұл қате, мынау орыс казактарынан бұрын біздің ата-бабамыз бар, қазақ деген атау бар. Бәрін негіздеп, сол жерде айтады. Сондықтан да енді қазақ қазақ болсын, қырғыз республикасы бұдан былай Қазақ республикасы болсын дейді. Сол жерде төраға дауысқа салады, бәрі бір ауыздан қолдайды. Өзі делегат 394 дауыспен, 52 адам кеңесші дауыспен қатысқан. Сонда 446 делегат болса, бәрі бір ауыздан қолдайды. Қол соғады. Екінші мәселе, Ақмешітке астана көшіп келді, бұл тарихи үлкен оқиға. Бұл қаланың аты бұрын Граф Перовскийдің атымен берілді дейді. 1922 жылы Қожановтың қолымен Түркістан орталық басқару комитетінің шешімі шығып, Совет үкімет орнағаннан кейін Перовск қайтадан Ақмешіт болды деп айтады. Сосын барып, енді мына жаңа заманға лайық көшіп келген астанамыздың атын қою жөнінде ұсынамын дейді. Сол жерде біздің тарихымызда хандық құрылыстың кезінде Ақорда деген болған, Көкорда деген болған, қызыл деген сөзді алып, орданы қосайық, сөйтіп, қаламыздың аты Қызылорда болсын деген ұсыныс айтамын дейді. ХХ ғасырдың басы басында Ұлт-азаттық қозғалысы, соның маникесіне айналған кітап бар. Міржақып дулатұлының кітабы «Оян, қазақ» деп аталады. Оян, қырғыз демейді ғой. Байбатыр Ержановтың «Тұр, қазақ» деген кітабы шыққан. Бүркеншік атпен тағы «Жатпа, қазақ» деген кітап шыққан. Бәрінде қазақ.
Дінмұхамед Әділовтен тергеу сұрақ-жауап алу телеграммасынан үзінді:
«Біз Емберген Табынбаевтың үйіне түскі асқа бардық. Дастарқан басында Қожықов Ақмешіт қаласын қызылорда деп ауыстыру туралы ұсыныс айтты. Осыдан кейін Қожанов үшеуіміз съезге оралдық. Кезектен тыс сөз алған Қожанов ортаға шығып екі ұсыныс айтты. Біріншісі, Қырғыз республикасын қазақ, екіншісі Ақмешітті қызылордаға ауыстыру туралы еді. Съезд бір ауыздан қос ұсынысты қабылдап, мақұлдады» делінген. Сұрақ-жауап алынған мерзім 1928 жыл, 27 желтоқсан, таңертең, Қызылорда қаласы.
Сәуле Қожықова, Қоңырқожа Қожықовтың немересі:
Біздің атамыз одан кейінгі буын өкілдері біздің мәдениетіміз бен мемлекетіміздің орнауына өте үлкен үлес қосты. Зейнетке шыққалы осындай ұлы іс жасаған бабаларымның еңбегін елге естіртсем деп жүрмін. Менің атамның еңбегі елеусіз ұмыт қалды. Қоңырқожа Түркіс тан өңірінде өте танымал қайраткер болған. Қожықов десе «Қыз Жібек» фильмінің режиссері Сұлтан Қожықовтың есімі аталады. Әлбетте, «Қыз Жібек» фильмі ұлттық қазынаға айналды, ол талас тудырмайды. Бірақ біздің атамыз елдігіміздің басында тұрған тарихи тұлға. Соны жұрт біліп жүрсе деймін.
Қоңырқожа Қожықов Түркістан автономиясында Мұстафа Шоқай, Мұхамеджан Тынышбаевтардан кейінгі жауапты қызметтерді атқарды. 1924 жылы сәуірде большевиктер партиясының бас хатшысы Сталин Алашорда туралы құпия баяндама дайындатқан, сондағы құпия тіркеменің сегізінші бабында мынандай мәліметтер бар.
«Қоңырқожа Қожықов қазақтың «қожа» деп аталатын ақсүйектерінен. Қоқан автономиялық үкіметінің бұрынғы мүшесі. Көрнекті алашордашы. Шоқаевтың көмекшісі. Ферғана аудандарының бірінде Керенскийдің уақытша үкіметінің комиссары боп істеді. Қожықов Қожановпен бір пәтерде тұрған. Осы Қожық, Қожанов, Асфендияров, Тоқтыбаев – белгілі Лапиннің қыздарына үйленген, сөйтіп олар қазақ халқын ең алдымен осы туысқандық белгілер бойынша бірлесіп бйлеуде. 1921 жылы Қожановтың және Асфендияровтың кепілдігімен, тіпті партияға да кірді, алайда кейін шығарылып жіберілді. Қазір осы Қожықов Қожановты билеп тұр. Ол өте тәжірибелі адам».
Дихан Қамзабекұлы, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры:
Жалпы біз қазақ пен алашты тең көреміз. Тең этноним ретінде, неге алашорда деді, алаш автономия деді. Егер тарих өзінің мүмкіндігіне бергенде , барлық жол жүргенде біздің ұлтымыздың аты алаш болып кетуі мүмкін еді.
Сәбит Шілдебай, Орталық мемлекеттік архив РМК директоры:
Бізді Қазақстанда тиек алаш қана болды деген қате тсүінік. Мысалы, оңтүстік-шығыс санатта көпшілігі түркі мұсылмандық бағытты қолдады. Мұстафа Шоқай, Мұхамеджан Тынышбаевтар құрған Түркістанда Қоқан автономиясы сол. Бізде балама жол іздеді ғой. Ал Шығыстағы Көлбай Төгісіовтер басқаша бір жол іздеді. Соның барлығы, тек қана бір бағытта қозғалыс болды, қазақтар бір бағытты ойлады деген мүлдем қате түсінік.
Дихан Қамзабекұлы, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры:
Бүгін қарасақ, кеше біз ешқандай сөздіксіз, бір-бірін түсініп жүрген азаматтардың қазір басқа басқа республикада. Біреулер қуануы мүмкін, бөлек ел болдық деп. Мысалы, біз қазақ бөлек ел болдық. Ал екінші жағынан ойлап қарасаң, көп миллион болып отырмаймыз? Башқұрт зиялылары айтқан, біз онда қазақпен бірігейік, сонда өздерін сақтап қалу үшін жұтылуға бар. Бірақ сонеы да Алихандар ойлап тұр ғой. Алаш деп қойсақ, бәрі бірігетін болса, олар да алаш болады. Тарихын зерттесе, иә, алашпын, арғы жағым башқұрт, алашпын арғы жағым қазақ, алашпын, арғы жағым өзбек деген сияқты. Ол заманда кемінде 10 миллиондай халық болсақ, бүгінгі заманда мықты халық болу үшін 50 миллиондай халық болу керек. 35-40 миллиондай болу керек. Сонда олардың ойы алты алаш, алаш деп жүргендегі ойы сол туысқандарды тарту.
Тарихы түгенделмеген жұрттың болашағы бұлыңғыр. Осыны мысал еткен Қ.Тоқаев Бурабайда өткен Құрылтайда тарихи сананы жаңғырту мәселесіне ерекше екпін берді. Президенттің келесі Ұлттық құрылтайды Қызылорда қаласында өткізу туралы ұсынысы жай ғана жағрафиялық таңдау емес, тарихи сабақтастыққа негізделген терең шешім.