Алматылық «Қайрат» командасы тағы да екі футболшымен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алдағы жылы алматылық клуб сапында хорватиялық және сербиялық қорғаушылар Дино Миканович пен Раде Дугалич ойын көрсететін болды.
Дино Миканович 1994 жылдың 7 мамырында Хорватияның Нова-Градишка қаласында дүниеге келді. 2013 жылдан бері Хорватияның «Хайдук», Данияның «Орхус» командаларының намысын қорғады. «Қайрат» сапында 2019 жылдан бері ойын көрсетеді.
Раде Дугалич 1992 жылдың 5 қарашасында Сербияның Прокуппе қаласында туған.
2010 жылдан бері Сербияның «Раднички», «Радник», «Цар Константин», «Синджелич», Боснияның «Олимпик», Арменияның «Улисс», Ресейдің «Торпедо» (Армавир), «Тосно» және «Енисей» командаларында ойнады.
2019 жылдан бері алматылық клубтың жейдесін киді.