26 шіл, 2016 сағат 17:07

Қайрат Нұртасқа жасалып жатқан шабуылдар ненің белгісі?

Бізге шынымен құлдық сана шіре салғаны  бүгінгі  болмысымыздан анық сыйпатталып тұр... Еттен өтіп сүйекке барған бұл халымыз күнделікті өмірден анық байқалады.  Аталмыш дерттің дендегені соншалық жақсылықта, жамандықта біз үшін - жаман! 

Ізгілікке ұмтылған жастарды, жасамыстарды әлеуметтік желі мен ақпарат құралдары арқылы лақ тартқандай сүйрелеп жатқанымыз.  Мұның нақты көрінісі «Қайрат Нұртас намазға жығылыпты», «Қажылыққа барыпты» дегенде санаулы адамдардан басқасы тұтастай әлеуметтік желі қолданушылары  жамандауға, ғайбаттауға көшкен!..  Әрине, жақсылыққа жаршы, жамандыққа қарсы ағайынға алғыс. Тіпті, жақында ғана ораза кезінде орыс азаматы исламды қабылдады десе қарсы жазып жатқан есі бар деген адамдарды көрдім. Сонда олар қандай жақсылықты іздейді екен осынау жалған өмірден?

Демек, құлдық сананың ең үлкені,  жақсылық пен ізгілікті  істеуші адамдарға қарсы тұру.  Оған рия немесе үпай жинаушы деген сияқты жалған балама термин тауып мыңдаған әлеуметтің алдында сүріндіру, шамасы келсе құлату. Шын мәнінде этиканы сақтай отырып әділетті түрде жалған патриот немесе жалған сөйлейтін адамдарды сынауға қарсы емеспін..  Алайда, бұл нәрсе шектен шыққаны сонша ұрпаққа үлгі болатын қайрылы істерге жаппай  шабул басталып кетті... Бұл жаман әдеттің өрістеп дамығаны сонша, барлық жеке тұлғаларға дейін тұтастай шарпыды.  Тіпті байқасаңыз белгілі қағидаға айналу қаупыне айналды.  Мұның арты ізгіліктің үнін өшіріп,  жақсылықтың аузына құм құйюмен аяқталмақ.  Обалына қарамай бей – берекет жамандау көрілімі   мыңдап саналатын телеарна арқылыда жүзеге асуда. Сенсация іздеуші журналистерде қара пияр жасаушы әншілерде бұдан шеткері емес.. Әнші Роза әлқожаның немесе Қарақат Әблдинаның еріне тоқал әперуі кімге керек? Солда жаңалық па? Болмаса Кәмшаттің қолтықтың түгін алуды үйретуі, Бүркіттің жас қызбен шетелде қыдыруын айтудан тозаңдай жақсылық бар ма?

Жақында Қайрат Нұртас туралы дәстүрлі әнші Ерлан Төлеутай мырза үлкен сөгіс айтты. Үлкен бір қателік тапқандай  жалаулатып телеарнада әлеумет алдында айыптады.  Бұл кісі - бұрыннан сыңар жақты  рамкадағы қатып қалған ойларға бой алдырған адам. Оны МС Сайлаубекпен айтуға оңайдағы тартысында байқағам. Ал айтқыш екен, манағы тоқал мен Қолтықтың түгі туралы неге сын айтпай аузына су толтырып үнсіз қалған.  Өйткені жақсылыққа жаны құмар емес, әрине. Айтайын дегенім,  ешкімнің сойылын соғып отырғам жоқ, қоғамдық әділеттілікті айту парыз.  Абай атамыз айтады: «Малда да махаббат пен әділеттік бар» деп, біз адам болған соң әділеттен аттамауымыз керек. Демек жақсылыққа жасалған шабуыл ұлттық болмысымызды ұлтараққа айналдырмасына кім кепіл? Ерлан Төлеутай мырза қажылықта Қайраттың құстарға жем шашуын қыжыртып, ақпараттық арна арқылы қолын, жүрісін бей берекет айыптапты..  Қажылық сапарда жүрген Қайратты және басқа өнер адамдарын шенеп бұл сапар бұл күнде рияның шыңына айналды деп баға берген. Бұлай баға беру аса ауыр қателік дер едім. Өйткені кімнің жүрегіне кіріп шықты олай айтатындай.  Бекболат аға айтатын сүйекті жұтқан кезде шығатын жерді өлшеп алу керек деп, сол сияқты айтқан сөздің жауабы болу керек?  Адамды түсіну тиіс ең әуелі. Қайрат өнердің эмоцияның адамы, ол жастардың бүгінгі ту ұстаушысы соларға жақсылық пен үлгі болып жатса неге айыптауымыз керек? Ағаттық кімде жоқ, кім періштемін деп айта алады?  Айтпағым Ерлан мырза ғана емес, бұл тұтастай әлеуметті шарпыған дерт дер едім.

Айтпақшы, Төреғали туралы да этикадан жұрдай журналисттың айдай экран алдында бұйырық беріп қолыңды түсір дегені талайдың ашу ренішін қозғаған еді. Бұлда ақымақтың ақылдыға сын айтқаны сияқты кезекті оқиғалардың бірі демекпін.

«Қайрат Нұртас мешіт салдырып атыр», «Қайрат намазға жығылды» деген ақпараттар жеткенде бірен – саран желі қолданушылары  болмаса қалған әлеумет қарсы шабуылға өткен.  Сонда айтатындары – Рия. Қызығы сол рияны тұла бойымен түсіне ме кен?! Таң қаласыңда үнсіз қаласың. Демек, сөз шығындағыңда келмейді. Бір ғұламаның «Жақсылық үстем болмаса адамзат өркениеті әлде қашан күйреген болар еді. Әрине жақслық жамандықтан үстем екенін  адамзат қоғамның бүгінге дейін жалғасып келе жатуы соның дәлелі» дегені бұлтартпас жауап. Демек жақсы қасиеттің басын жарып, көзін шығарған адам мен дәуір батпаққа батып отырған. Айтпағым жақсы амалдарға жауықпасақ!!

ҚҰЛДЫҚ САНА ҺАМ БОСТАНДЫҚ

Тұтқа болған бүгінгідей заманға,
Қалқан болған құлдық дейтін зауалға.
Абай менен Әлиханға жыр төксем,
Қос ғасырдың сыймас жыры қағазға!

Бостандық деп тамырымда саз аққан,
Сол ағыспен көрінеді ғажап таң!
Есіл ерлер даңытарын жыр қылып,
Рухы аспан әуендерді таратқам.

Құлдық сана Перғауын боп елестер,
Белестерді белгісіздік тегістер..
Ізгілікті балталауда өлкемде...
Айыптау мен берекесіз егестер...

Бостандықты аңсап кетем Айдан бір,
Құлдық сана ұлықтанған майдан бұл.
Әлихан мен Ақыметті алқаймын,
Өшпейтұғын бостандыққа ойған жыр!!

Серік Боқан,

Ұлт порталы