"Қайрат" бортында футболшылар мен клубтың жаттықтырушылар штабы болған ұшақтың апатқа ұшырауына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Төтенше оқиға 22 қазан күні таңертең Алматы халықаралық әуежайында болған. FlyJet ұшағы Renault көлігімен соқтығысқан.
"Шынында да, "Қайрат" ФК футболшылары мен жаттықтырушылар штабы бортта болды. Бақытымызға орай, ешкім зардап шеккен жоқ. Команда біраз уақыт ұшақта болды, содан кейін клуб базасына кетті. 24 қазан, жексенбі күні өтетін "Қайрат" - "Астана" маңызды матчының алдында кешке жаттығу болады", - деп мәлімдеді "Қайрат" ФК баспасөз қызметі.