#
#
Дүйсенбі 13/07/2020

Кәуапханалар аптасына бір КамАЗ сексеуіл жағады – эколог Тимур Елеусізов

  • 04.06.2020
  • 0
  • 170

5 - маусым бүкіләлемдік экологтар және қоршаған ортаны қорғау күні. Осы мереке қарсаңында қоршаған ортаны қорғап, экологияның бүлінбеуін қадағалап жүрген эко-амбассадор, эко-патруль негізін қалаушы Тимур Елеусізов өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тимур Елеусізов экологиялық проблемаларды шешумен айналысады. Қазір ол Қазақстан кәсіпорындары мен қауымдастығының «Табиғат» экологиялық одағы төрағасының орынбасары және Алматыдағы эко-амбассадор.

Оның айтуынша, қазір уақытта амбассадордың стратегиясы әзірленді.

«Амбассадор – бұл салыстырмалы түрде айтсақ, мемлекеттік органдар мен адамдар арасындағы көпір. Біз осы салаға өз еркімізбен келген, ізгі ниетті елшілерміз. Яғни, идеяларымыз бен ойларымызды билікке жеткізіп, оны жүзеге асыруға мүмкіндік туды»,– дейді Тимур Елеусізов.

Тимурдың айтуынша, ол үнемі әкесінің көлеңкесінде қалып отырған. Айта кетейік оның әкесі - елдегі ең танымал экологтардың бірі, Мэлс Елеусізов ол ұзақ уақыт бойы экологиялық мәселелермен айналысып келеді. 

«Мен үнемі ізденіс үстінде болдым, ұзақ уақыт бойы маған не керек екенін зерттедім. Жасыратыны жоқ, үнемі әкемнің көлеңкесінде қалып қоятынмын. Бір сәтте табиғатты қорғау, оған жанашырлық таныту менің міндетім екенін түсіндім. Осы арқылы мен ең алдымен балаларымның болашағына әсер ете аламын, егер біздің экологиямыз жақсы болса, онда біздің балаларымыздың дені сау болады»,– дейді ол.

Экобелсендінің негізгі мамандығы заңгер. Сондықтан ол экология қатысты заңбұзушылықтарды жақсы біледі.

«Мен заңгермін. Экология саласына көптеген заңсыздықты көргендіктен келдім. Әртүрлі іс-шараларға қатысып жүріп, бұл аспектіні заңнама арқылы күшейту керектігін түсіндім, сол себепті де эко-патруль қоғамдық қозғалысын құрдым. Жұмысымыз нәтижие бере бастады. Мысалы, таудағы қара топырақты заңсыз алушылардың жолын кестік, ағаштарды жаппай кесу азайды. Ағаштарды заңсыз отағандарды тауып, оларды әкімішілк жауапқа тартамыз»,– деді спикер.

Сондай–ақ, ол Алатау ауданында қарағай отырғызу акциясын ұйымдастырғаны туралы айтып берді.

«Бұл акцияны қаңтар айында ұйымдастырдық. Азаматтарымыз өз атынан ағаш отырғызуға мүмкіндік алды. Көптеген компания атсалысты. Ағаш көшеттерін адамдар өздері сатып алады, біз ұйымдастырамыз, олар отырғызады. Қазір әкімдік осы жерді абаттандырып қарағай скверін жасауды қолға алды. Алматы әкімінің қолдауымен Алматыға миллион ағаш отырғызу тұжырымдамасы әзірленген болатын. «Шетсіз қала» қағидаты бойынша ағаштар қаланың төменгі бөлігіне отырғызылады. Себебі, бұл аудандар да саябақтар мен алаңдар жоқ. Қарағай орманын құру идеясы пайда болды, ол мәдени орталық болады, онда іс-шаралар өтеді»,–дейді эко-патруль негізін қалаушы.

Оның айтуынша, каратин кезінде Алматы ауасы айтарлықтай жақсарған.

«Менің ойымша, ауа жақсарды, бірақ бұл қысқа мерзімдік әсер. Өйткені, зиянды қалдықтар бөліп шығаратын кәсіпорындардың жұмысы тоқтады. Сонымен қатар, автомобильдер ағыны азайды. Карантин кезінде ауаны жалғыз ЖЭО ластады»,– дейді ол.

Айта кетейік, Тимур Елеусізов Алматының экологиялық жағдайын жақсарту үшін көптеген жобалар мен ұсыныстар дайындады. 

«Көп ұсыныстар әзірледім. Біріншісі – электр қуатымен жүретін және гибридті көлікті дамыту. Бұл ұсыныстар әкімдікке де, экология министрлігіне де жолданды. Сондай–ақ, кәуап пісіретіндерді арнайы сүзгі қондырғыларын орнатуға мәжбүрлеу керек, өйткені олар да ауаны ластаушылардың бірі. Ағаштарды кесетіндер де осылар. Статистикаға жүгінсек, бір кәуапхана бір аптада бір КамАЗ сексеуілді немесе басқа ағаш түрін жағып жібереді «,– дейді Тимур Елеусізов.

Сөз соңында, ол алдағы жоспарларымен бөлісті.

«Біз мемлекеттік органдармен бірлесіп эко-патруль қоғамдық бақылауын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Сондай–ақ, жаздың соңында эко-фестиваль ұйымдастырамыз»,– деп қортындылады ол.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар