
Қатты желдің салдарынан Ақтау қаласының бас алаңындағы шырша құлады.
Ақтау қаласы әкімдігінің хабарлауынша, бейсенбі күні түнде Ақтау қаласында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетті.
Соның салдарынан қала орталығында орнатылған жаңажылдық шырша құлап қалды.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметкерлері шыршаны жинау жұмыстарын бастайды.
