25 мау, 2018 сағат 10:29

Қатерлі ісіктің төрт түрін жоятын әдіс ойлап табылды

Орегон штатының Ғылым және денсаулық сақтау университетінің ғалымдары ісіктің төрт түрін жоятын препарат ойлап тапты: сүт безі мен қуықалды без, тоқ ішек пен өкпе. Бұл туралы Nature Communications журналында жазылған.

KBU2046 атты препаратқа тәжірибе жүргізу барысында метастазалардың жойылып, сүйектердің сыну жағдайы төмендейтіні анықталған. Сондай-ақ, ғалымдар бұл препараттың жанама әсері аз екенін айтады.

Дәрігер Раймонд Берганның айтуынша, бұл препараттың механизмі - оның HSP90β ақуызын фосфорландырудағы өзгерісі.

"Дәрі былай жұмыс істейді: яғни, ол протеинмен байланыса отырып, жасушалардың қозғалысын тоқтатады. Бірақ нәруыздың қызметіне ешқандай әсерін тигізбейді", - дейді ғалым.

Tengrinews.kz