15 мам, 2020 сағат 07:27

Катарда маскасыз жүрген адамға 53 000 доллар айыппұл салынады

Катардың Ішкі істер министрлігі жексенбіден бастап үйден шыққанда барлық адамға маска тағу міндеттелгенін жариялады. Бұл талапты бұзған адамға 200 000 риалға дейін (53 000 АҚШ доллары) айыппұл салынады, - деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Маскасыз жүрген азаматтар үш жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін», деп хабарланды министрліктің Twitter парақшасында.

Егер адам көлікте жалғыз келе жатса, онда маска тақпауға болады.

Соңғы тәулікте Катарда коронавирус жұқтырған 1733 жаңа жағдай тіркелді. Елде ауру жұқтырғандардың жалпы саны 28 272 адамға жетті. 14 адам қауіпті вирустан көз жұмған.