11 қыр, 2016 сағат 13:30

Қасым-Жомарт Тоқаев Головкинді "бокс алыбы" деп атады

ҚР Парламент Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді "бокс алыбы" деп атады.

«Геннадий Головкин бұрын-соңды жеңіліп көрмеген К.Брукты уақытынан бұрын еңсерді. Бокс алыбы! Қазақстанның мақтанышы! Шын жүректен құттықтаймын!», - деп жазды өзінің Туиттердегі парақшасында Қ.Тоқаев.

Айта кетейік, орта салмақта WBA (Super), WBC және IBF нұсқаулары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) кәсіби рингте британдық Келл Брукты (36-0, 25 КО) нокаутқа жіберді.

Лондондағы 20 мың орындық О2 аренасында өткен айтулы жекпе-жекте суперчемпион Геннадий Головкин бесінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберіп, өз мансабындағы тамаша шайқасын көрсетті. Қазақстандық IBO атағын 14 рет, IBF - екінші рет және WBC - бірінші рет қорғады.