#
#
Бейсенбі 29/10/2020

Каспий жағалауындағы өрт 5 күннен кейін сөндірілді

  • 15.10.2020
  • 0
  • 111

Атырау облысында 5 күн бойы жалындаған дала өрті сөндірілді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Өртпен күреске Атырау облысы Төтенше жағдай департаментінің 49 қызметкері, 7 техникасы мен «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылды. Жұмыс барысында тікұшақ 87 тонна көлемінде 29 рет су шашты», - деді министрліктен.

Еске сала кетсек, бүгін ғана Каспий жағалауы 5 күннен бері өртеніп жатқаны хабарланған болатын.

10 қазанда күндіз Атырау қаласының Кеңөзек ауылдық округінде Каспий теңізі жағалауының батпақты жерінде қамыс тұтанған болатын. Өрт ошақтары анықталғаннан кейін дереу оқиға орнына өрт сөндірушілер жіберілген еді. 5 күн бойы өрт сөндірушілер желдің күшеюіне, сондай-ақ батпақты жермен және өсімдіктердің қалың өсуіне байланысты қиын жағдайларда отпен күресті. Техниканың өту қиындығынан жалынды сөндіруге авиация пайдаланылды. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар