20 сәу, 2020 сағат 14:51

Каспий теңізінің жағалауында өлі итбалықтар табылды

Каспий теңізінің жаңалауында өлі итбалықтар табылды. Бұл туралы Эгология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

19 сәуір күні Маңғыстау облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аймақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары Түпқараған ауданындағы рейд барысында Қаражанбас кен орны маңындағы бөгеттің аумағында өлі 4 итбалықты анықтады. Сонымен қатар 20 сәуірде Форт-Шевченко қаласындағы Каспий жағалауында тағы бір өлі итбалық табылды. 

Тексеру кезінде су жануарлары шамамен өткен күзде өлгені белгілі болды. Итбалықтар денесінің қатты бұзылуына байланысты тиісті сынамалар алу мүмкін болмады. 

Теңіз жағалауы мен судың өзінде өзге өлі итбалықтар анықталмады.