08 қар, 2020 сағат 16:32

Қарсыласын "құлақсыз қалдырған" UFC шебері нокаутпен жеңіске жетті

Лас-Вегаста UFC-дің аралас жекпе-жектер бойынша жарыс өтті. Жартылай орта салмақ дәрежесінде американдық Макс Гриффин мен Рамих Брахимай кездесті, деп хабарлайды sports.kz сайты.

Бұл айқас үшінші раундқа дейін созылды. Сол кезде Гриффин оң қолымен қарсыласына қатты соққы тигізіп, оны құлақсыз қалдыра жаздаған – соққыдан құлақ екіге бөлініп кетті. 

Жағдайдың ауыр екенін байқаған төреші Гриффиннің техникалық нокаутпен жеңіске жеткенін жариялады. 

Бұл – Брахимайдың UFC-дегі бірінші жекпе-жегі. Спортшы MMA-да барлығы сегіз рет жеңіске жетіп, үш рет жеңілген. Гриффиннің жетістіктері — 6-8 MMA, 4-6 UFC.