Атбасар қаласында кәріз құдығынан өлген нәресте табылды, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады ішкі істер департаменті.
Атбасар АІІБ кезекшілік бөліміне 7 ақпан күні сағат 11.50-де "Атбасар Су Арнасы" МКК жұмысшысынан хабарлама түскен.
"Жұмысшы Атбасар қаласының кәріз құдығында монтаж жұмыстарын жүргізу кезінде қыз баланың мәйітін тауып алған. ҚР ҚК 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сот-медициналық сараптама белгіленді",- деп хабарлады ІІД.
Полиция атап өткендей, аталған қылмысты ашуға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр.