Никарагуа жағалауында басталған «Эта» дауылы сейсенбі күні төртінші санатқа дейін күшейді. Алдағы 12 сағатта дауылдың бесінші санатқа де»ін жету қаупі бар, деп хабарлайды CNN агенттігі.
АҚШ Ұлттық орталығының Кариб теңізінде қалыптасқан дауылдарды бақылаудан кейін берген мәліметінше, «Эта» дауылы баяу қозғалып келе жатыр, бірақ желдің жылдамдығы 54 м/с жеткен. Егер дауыл санаты жоғарыласа, ол қозғалып келе жатқан желдің жылдамдығы да өседі.
CNN дауыл туралы ескерту Никарагуаның бүкіл жағалауына тиесілі екенін атап өтті. Тропиктік дауыл туралы ескерту Гондурастың солтүстік-шығыс жағалауында да жасалған.
Қиратушы желден басқа, «Эта» дауылы Орталық Америкаға нөсер жауын әкеледі, мұндағы Мексиканың оңтүстік-шығысынан Панамаға дейін мол жауын-шашын жаууы ықтимал.
«Бұл жаңбырлар катастрофалы, өмір үшін қауіпті су басуларға, сондай-ақ Орталық Американың биік таулы аудандарында көшкіндердің жүруіне әкеліп соқтыра алады. Ямайка, Мексиканың оңтүстік-шығысы, Сальвадор, Гаитидің оңтүстік бөлігі және Кайман аралдарында өзендерде су деңгейінің көтерілуі мен су басу қаупі үлкен», - деп мәлімдеді орталықтан.
Қазіргі болжамға сәйкес, дауыл Никарагуа мен Гондурастың таулы аудандарында байқалып, жұмаға қарай солтүстікке, Белиз жаққа бағыт алады. Қазіргі кезде дауылдың траекториясы мен қарқынын анықтау өте қиын. Синоптиктер дауылдың қозғалысын мұқият бақылайтын болады.
«Эта» дауылы – биыл бір маусымның ішінде дауыл саны бойынша 2005 жылы орнатылған рекордтан асып түскен 28-ші дауыл.