«...Там где потерпел неудачу Баязид, добился успеха Тимур»
Испанский пасол Клавихо.
1399 жылы империя орталығы Самарқанд қаласында Әмір Темір Құрылтай шақырып, өзінің ендігі мақсаты, (…Курултай Тимура объявил о дальнейшем походе) мәмлүктер басшылық жасаған Мысыр мен Баязид сұлтанның жетекшілігіндегі Осман елдеріне жорықа шығатындығын мәлімдеді. Сөйтіп, осы жылы өзінің ең көп уақыт жіберген жеті жылдық жорығына шығады. Әрине, алдымен мұсылман әлеміндегі ең бай және сауда-саттық құрылымы айтарлықтай дамыған, сол кездегі қуатты мемлекет болып саналатын Мысырға бағыт алады. Бұл кезеңде кәрі құрлықты шаңға бөлеп, корольдық мемлекеттер орналасқан аймақта, Осман түріктерінің сұлтаны ілдірім Баязид соғыс жүргізіп жатқан уақыт болатын. Бірінен кейін бірі талқандалып, тәуелділікке беріліп жатқан Еуропа елдері, үрейден тізелері қалтырап, мына пәледен қалайда құтылуға өздеріне жол іздеп, көмек қарастыра бастаған кез еді. Міне, осы тұста Мавераннахр билеушісі Әмір Темір армиясының айналасындағы азиялық елдерді түгелімен өзіне бағындырып, ешкімнен жеңілмей келе жатқандығын естіген, кәрі құрлық корольдіктері онымен одақтас болуға талпына бастайды.
Дегенмен, осы уақытқа дейін, яғни бұдан төрт жыл бұрын Рождество мерекесі кезінде сэр Джеймс де Хелли француз короліне, суық хабар жеткізеді. Ол болса, өз кезегінде, Христиан әлемінің папасы мен принцтері ұйымдастырған Крес жорығы діттеген жеріне жетпей, Дунай өзенінің төменгі ағысы бойындағы Никополь түбінде Осман түріктерінен аяусыз жеңіліс тауып, Франция, Бургундия, Венгрия және басқа да корольдіктердің рыцарларының көпшілігі қаза болғандығын және жіберген қалың армияның толық талқандалғанын айтады.
«...Турки захватили Андриаполь (Эдрин) и утвердили там свою европейскую столицу. В 1389 году они одолели в битве при Косове (Сербия) упорное сопротивление сербов и других славянских народов, которые стали турецкими вассалами». «Баязид, прозванный Ельдерим, Молниеносный (найзағайдай жылдам), стал властелином Малой Азии и большей части Балканского полуострова».
Кезінде негізін гректер құрған екі ғасырлық Византия империясының күні санаулы еді. Осман түріктерінің үздіксіз соққысынан, орталығы Константинополь болып саналатын империя мен тұтас батыс христиан әлемі үрей құшағында болатын. Бұл кезге дейін көшпелі Жалайыр кавалериясының (авангардный) арқасында (шынында да солай), Болгар, Серб, Славения, Чехия, елдерімен қоса Түрік сұлтаны Баязид Венгер корольдігінің біраз аумағын жаулап алған соң, осы Венгер королі Сигизмунд бүкіл христиан әлеміне күш біріктіруге, бұларға қарсы Крес жорығын ұйымдастыруға шақырды. Тіпті, түріктердің Еуропадағы табысты жүргізген шабуылдарының әсерінен, ағылшын мен француздардың арасындағы талай жылдарға созылған соғыстың өзі, біраз уақытқа тоқтаған еді. «...Столетняя война между Англией и Францией была отсрочена перемирием, но могла возобновиться в любой момент». Дегенмен, кәрі құрлықты мекендеген христиан және католик елдері жүз мыңға таман әскер жинап, бұл осыған дейінгі Крес жорығына жиналған армияның санынан әлде қайда асып түсті. «... Христиане были на столько уверены в своей силе, что похвалялись, что если бы упало небо, они поддержали бы его своими пиками». Бірақ, Сигизмунд басшылық жасаған христиандар әскері, Дунай өзенінің жағасындағы кішігірім Никополь қаласының түбінде, сол уақыттағы аса ірі шайқастардың біріне саналатын бұл майданда, тұтасымен қырғын табады. Күйрей жеңілген кәрі құрлық, енді өздерін сақтап қалатын, сүйеніш болатын тірек іздей бастады. «...гордый победой Баязид угрожал, что осадит Буду, чтобы покорить прилегающие страны – Германию и Италию, и что накормит овсом свою лошадь на алтаре храма Св.Петра в Риме». Міне, сөйтіп түрік сұлтаны өзінің армиясының күш-қуатына сеніп, тұтас Еуропаны алдағы уақытта толығымен жаулап аларына шынымен де үміттенген еді. Егер назар аударып, осы деректерге нақты қарайтын болсақ, Осман түріктерінің сол кезеңдегі мүмкіндіктері біздің Алтын Ордаға қарағанда әлде қайда ықтимал және шынайы еді деуге болады.
«...Этот турок был признан в качестве султана всего Рума (Византийская империя) врагом Тимура».
Осы арада аздап шегініс жасап, мына жайтты айта кетейік.
Осы уақытқа дейін, Әмір Темір мәмлүктер басшылығындағы мұсылман Мысыр мемлекетін талқандап, өзіне қаратып үлгерген еді. Ендігі кезек Кіші Азия мен кәрі құрлық елдерін ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстауға бағыт алған Баязидпен екі арадағы шешуші соғыс болатын. Көптеген әлем жазушылары мен ғалымдары жазғандай, көшпелі елдің ұланы Әмір Темірдің соғыс жүргізу тәсілі, ұйымдастыру шеберлігі, өзінен бұрынғы Шыңғыс ханның ұрыс жүргізу әдістерінен аумайтын еді, - дейді.
Енді, сол ғалымдардың бірінің жазған Орта Азиялық барыс туралы мәліметін келтірейік.
«Тимур родился 9 апреля 1336 г. ( тышқан жылы) близ Шахрисиабза. Он был сыном Тарагая из племени Найманов, его рода Барласов. Кочевники которые пришли в Мавераннахр с Чагатаями (Шағатаймен).
С юношеских лет Тимур показал себя приверженным к традициям степных качевников: «знатные люди подобного сорта всегда предпочитали степи городу». Он был одним из тех, кто знал до тонкостей лошадь и мог одним взглядом отличить по внешним очертаниям хорошую породу от плохой. Он был хорошим наездником и превосходным стрелком из лука.», - деп жазады өзінің еңбектерінде Хилда Хукхэм.
Кіші Азия мен Еуропаның Баязидтен жеңілген билеушілері, қашып келіп, Әмір Темірді келіп паналады. «Тимур, хорошо информированный об этих делах и вдохновленый своими новыми союзниками, т.е.прежними правителями Малой Азии и Европы, не сидел сложа руки». Екі жақта майданға шығып, соғыспай, бітімге келмейтіндей жағдайға тірелді. Дегенмен, Темірлан соғысты бастамай тұрып, алдымен Баязидпен хат алмасу арқылы, өзінің оған қойатын талап-тілегін біраз уақыт жеткізіп тұрды. Оны Әмірдің резиденциясында біраз уақыт болған елші Клавихо былай деп жазады: «Между кипчаком (Әмір Темірді айтады) и турком (Баязид) произошла оживленная переписка. Тимур потребовал остановить агрессивные действия. Он предупредил, что не наказал его до сих пор лишь потому, что Баязид вел войну против неверных ( Еуропалық христиандар) и боялся, что конфликт между ними вызовет радость у неверных и огорчение у мусульман. Но он предупредил Баязида не заносить свою честолюбивую руку за пределы своей державы. Он был лишь муравьем и не следует ему пытаться воевать со слоном, писал ему Тимур. Мелкий князек подобно Баязиду не должен скрещивать сабли с Полководцем, и его гнев не принесет ему ничего хорошего, так как каждый знает, что турок не имеет разума». Бірақ, оған көнбеген түрік сұлтаны, өзінің Әмірге арналған хатында былай деп жазды: «О кровожадный пес, именуемый Тимуром…», начал свой ответ Баязид и посмел продолжить его, - дейді Клавихо. Осы уақыт аралығында, Батыс елдері әртүрлі жолдар арқылы, Әмір Темірмен қатынас орнатып және онымен жақындасуды тездетіп қалпына келтіре бастады.
1402 жылы (Жылқы жылы) маусым айының аяғында, Анкара қаласының түбінде, Шыбыққабат жазығында сол дәуірдегі аса ірі соғыс басталды. Кезінде, осы аты аталған әйгілі жазықтықта, көне Рим империясының генералы Помпейдің өзіне қарсы шыққан Митридаттың армиясын талқандаған болатын. Міне, осы арада тағыда дақпырты талай заманға кететін ұлы шайқастың бірі орын алды. Бұл енді Орта Азиялық сайып қыран мен Османдық түрік Баязидтің арасындағы қан-қасап қақтығыс еді.
Кезінде түріктің жаяу әскерлері (янычарлары) соғыс ашқан елдерге шамасы келмей, қайсыбір кездерде жеңіліп қала берген соң, түрік сұлтандары Орта Азиялық көшпелі Жалайыр қыпшақтардың тайпа басшыларына елшілерін жіберіп, мүмкін болғанша оларға алтын мен күмісті аямай төгіп, атты әскерлерін жалға алған болатын. Сөйтіп барып, осы жалдамалы қалың атты әскерлер Осман түріктеріне Еуропа елдерімен соғыста оларды күйрете жеңіп, жол ашып берді. Және бұл қыпшақтың атты сарбаздарының күшімен түріктер Еуропаның, сондай-ақ, айналасындағы Азияның біраз елін басып алып, Осман империясының негізін қалады. Баязид пен Әмір Темір армиясы Анкара түбінде соғысуға қарсы тұрған кезде жаңағы Жалайырлар өз қандастарына қол көтеруге дәті жетпей, Темірлан жағына шығып кетті. Оны испандық елші Клавихо былай деп жазады:
«Когда они сблизились друг с другом для битвы, первое несчастье, которое обрушилось на Баязида, было то, что кочевое племя Жалайыры, все поголовно предали его, а так как они составляли главную часть его войск, то его армия была сильно ослаблена».
Амалы қалмаған Баязид қолына қылышы мен балтасын алып, соғысқа өзі араласты. «Баязид произвел ужасную атаку с саблей в руке и боевым топором, и продолжал сражаться до наступления ночи».
Бірақ, Әмір Темірдің жеңімпаз армиясы қойсын ба, бірнеше сағаттың ішінде Түрік янычарларының тас-талқанын шығарды.
«Истребитель христианского Запада был разгромлен орлом Барласов» (Хильда Хукхэм).
Осылайша, Сақып Қыран (Әмір Темірді өзінің үзеңгілес достары осылай атаған) Осман империясының найзағайдай жылдам сұлтаны Баязидті және оның Кәрі құрлықты үрейде ұстаған жаужүрек, қалың әскерін талқандап, Азия кеңістігінде өзіне қарсы келетін ешкімді қалдырмады. «Одним сильным ударом Тимур разгромил османского турка и поставил на колени мамлюкского султана Египта и хана Золотой Орды Токтамыса», - дейді Клавихо.
«Византийский Император Мануэль Палеолог, вызванный Тимуром, поспешил обратно с запада на свой трон в Константинополе (қазіргі Стамбул қаласы). Византийская столица и христианская Европа были спасены от турок на полстолетия».
Сөйтіп, Ұлы Әмір Темірдің арқасында бүкіл Еуропа құрлығын мекендеген ұлттар мен ұлыстар, жарты ғасырға еркін демалуға және тәуелсіз өмір сүруге мүмкіндік алды.
Бейсенғазы Ұлықбек,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі