
Алматыда кешкі қым-қуыт уақытта 50-ге жуық көше қиылысында жол қозғалысы қолмен реттеледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Көлік көп жүретін қиылыстарда қолмен реттеу «қарбалас уақытта» күн сайын: сағат 7.00-ден 9.00-ге дейін және 17.30-дан 20.30-ға дейін қолданылады.
Талдау көрсеткендей, таңертең шығыс бағыттағы қозғалыс өте тығыз, ал кешке қалада жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша күш-құралдарды пайдалануға тура келеді.
Қолмен реттеуге патруль полиция қызметкерлері мен мамандандырылған батальон қатысады.
Айта кету керек, бірнеше жыл бұрын қолмен басқарылатын көлік жолдары екі есе көп болған.
«Алайда, бұл учаскелердің көпшілігінде қайта құру, жер үсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелдерін салу және көлік құралдарының өткізу қабілетін жақсартудың арқасында кептеліс азайды»,– деді Алматы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.
