05 мам, 2021 сағат 15:57

Алматыда Қарасаздағы Мұқағали музейінің көшпелі көрмесі ашылды



Алматыда Қарасаздағы Мұқағали музейінің көшпелі көрмесі ашылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" танымал қаламгер, ақын Ақберен Елгезектің фэйсбуктағы жазбасына сілтеме жасап.

"Құрметті алматылықтар мен қала қонақтары! Алаштың мұзбалақ шайыры Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай, ақынның туған ауылы Қарасаздағы музейдің көшпелі көрмесі Алматы қаласында ашылды.

Бұл көрмеде сіздердің назарларыңызға М.Мақатаевтың тұтынған жеке заттары, кітаптары, фотосуреттері т.б. қызықты экспонаттар ұсынылып отыр.

Мұндай көрме ақынның өзі алшаң басып жүрген һәм мәңгілік мекенін тапқан Алматыда тұңғыш рет ұйымдастырылып отырғанын айта кеткеніміз жөн. Алматы қаласының музейіне асығыңыз, ағайын!" - деп жазды ол өз парақшасында.